Бұл сабақта сызықтық алгоритмдер бойынша программаны қалай құрастыруға болатынын үйренеміз
Программалау барысында қолданылатын негізгі үш алгоритм түрі бар.
Оларға сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер жатады. Олардың арасындағы ең қарапайымы – сызықтық алгоритм. Сызықтық алгоритмдердің командаларын бір реттен тізбекпен орындай отырып, нәтиже аламыз. Қалған екі алгоритм түрімен жоғарғы сыныптарда танысамыз. Өткен тақырыптарда сызықтық алгоритмге сипаттама берілген. Жоғарыда берілген сипаттаманы сызықтық алгоритмді сипаттаудың тағы бір түріне жатқызуға болады.
Сызықтық құрылымдағы программаны құру қадамдары
1. Программада қолданылатын негізгі деректер мен олардың типтерін анықтау. Айнымалыларға атау беру.
2. Нәтиже ретінде нені шығару керек және оның типі қандай болу керектігін анықтау. Нәтижеге шығаратын айнымалыға атау беру.
3. Деректерді енгізетін, есептейтін және нәтижені экранға беретін алгоритмдерді дайындау.
4. Құрастырған программаның жұмысын тексеру мақсатында, деректердің түрлі мәндерін енгізіп, программаны сынақтан өткізу (тестілеу).
Сызықтық программаның құрылымы
Мысалы: a, b, c және d бүтін сандары берілген. а және b сандарының қосындысы мен с және d сандары айырмасының соңғы цифрларының көбейтіндісін табатын программа құрастыр (1-схема).
Практикада қолдану
1-практикалық тапсырма S теңгені құны 1, 5, 10, 50 және 100 теңгелік монеталар көмегімен ең аз нұсқада қалай төлеуге болады? Тапсырманың блок-схемасын сызып, программасын құрастыр. S (0 < S < 100000) – бүтін сан. Тапсырманың блок-схемасы (2-схема) мен программа коды берілген (1-код).
Есепті шығарғанда бүтін санға бөлу (//) және бүтін санға бөлгенде- гі қалдығын (%) табу тәсілдерін қолданамыз. Осы тәсілдерді қолдана отырып, берілген соманы төлеу үшін құны ең үлкен монетадан неше, құны одан кейінгі монетадан неше керек екенін тауып, қосып отырсақ болды. Программаны орындау барысында инкремент операторын қолданамыз.