Алған білімді практикада(есептерде) қолдану мысалдарын қарастырайық:
Дидар 4-сыныпта оқиды. Дидарға математика сабағында үйге 4 амалмен (+, –, * , /) орындалатын тапсырмалар берілді. Дидардың ағасы (әпкесі) ретінде математикалық тапсырмаларды программалау тілінде орындауға көмектес.
Есептің программасын құрастырғанда, енгізілген жолдардың ішінен сандарды ажыратып алу үшін іnput() функциясына split () және оларды бүтін санға айналдыруға арналған map әдістерін қолдану керек. Есептерді математикадағы жазылу ережесімен экранға жеке жолдарға шығару үшін end='\n' әдісін қолданамыз.
k, p = map (int, input(). split('+'))
m, h = map (int, input(). split('–'))
t, h = map (int, input(). split('*'))
c, d = map (int, input(). split('/'))
print (k,'+', p,'=', p + k, end = '\n');
print (m,'–', h,'=', m – h, end = '\n');
print (t,'*', h,'=', t * h, end = '\n');
print (c,'/', d,'= ', c/d)