Input()
Print()
Өткен тақырыптарда программалау кезінде деректерді енгізудің екі түрін пайдаландық.
Біріншісінде программа кодына айнымалылардың мә нін алдын ала енгізіп қою арқылы орындадық. Мысалы, а = 4.45, b = 731. Ал екіншісінде программада іnput() функциясын қолдану арқылы, өңдеуге қажетті деректерді пернетақта арқылы енгіздік. Әрине, программалау кезінде енгізудің екінші түрін қолдану программа алгоритмінің әмбебаптығын арттырады.
Біз өткен тақырыптарда іnput-ты қарапайым түрде қолдандық. Енді осы функцияның программада қолданылу жолдарына кеңірек тоқталайық. input() функциясы деректерді программаға енгізеді. Бұл деректерді программада қолдану үшін айнымалыларға жүктеуге болады. Енгізу функциясын программада қолданудың бірнеше жолын қарастырайық.
Іnput() функциясын қолданып енгізген дерек жолдық типке жатады. Жолды тізімге түрлендіру үшін split () әдісін қолданамыз. Тізімдегілердің арасында символ болса, оны split () әдісіндегі жақшаның ішінде көрсету керек. Мысалы, кестеде бірінші жағдайда тізімдегілер бос орынмен ажыратылса, екінші жағдайда сызықшамен ажыратылған.
Сандар тізімін оқып отырып, оны бірден бүтін санға түрлендіру үшін, жоғарыдағы құрылымға map функциясын қолдану керек. Бұл жерде list тізімді білдіреді.
рrint() функциясы деректерді экран бетіне шығарады немесе файлға жол ретінде жазады. Әрине, функция жұмысын қолданылу мақсатына қарай өзгертуімізге болады.
Print() функциясының толық синтаксисі
рrint ('Басуға арналған жол', sep = ' ', end= '\n')
•'Басуға арналған жол' – экранға шығарылатын жол.
•sep = ' ' айнымалылардың арасын ажырататын символды көрсетеді, үнсіз келісім бойынша бос орынмен ажыратылады.
•end='\n' – жолды қандай символмен аяқтау керектігін көрсетеді.
Егер print() функциясы end='\n' әдісімен аяқталса, жол келесі қатарға өтумен аяқталады.
рrint() функциясын программада қолданудың бірнеше мысалын қарастырайық.
Бір қарағанда айырмашылықтары жоқ. 2-мысал мен 3-мысалдағы программа кодтарына назар аударайық. Олардың айырмашылықтары – тек баспаға берудегі end='\n' әдісінің жазылуында. Кодтарды орындау нәтижесінде 2-мысалда баспаға берілген деректер бір қатарға, ал 3-мысалда жеке-жеке қатарда орындалған. Баспаға берудегі назар аударатын тұстарының бірі – осы.