Кез келген тілді үйрену оның алфавитін үйренуден басталады. Әріптерден сөз, сөздерден сөйлем құралатыны сияқты програм- малау тілінің де өз алфавиті бар. Программалау тілін үйренуді бастаған кезде оның командаларын жазу үшін қандай таңбалар қолдану керектігін анықтау керек. Python тілінің алфавиті төмендегідей құрылымға ие (1-схема).
Python тілінің синтаксисі
• Программадағы жолдардың соңына нүкте мен үтір қою міндетті емес.
• Бірнеше команданы бір жолда нүктелі үтір (;) арқылы жазуға болады.
• Программа жазу барысында басқа программалау тілдеріндегідей begin..end және {..} жақшалар қолданылмайды. Керек болған жағдайда ондай жақшалардың орнына 4 бос орын немесе табуляция қойылады.