Программалау барысында деректерді және олармен амалдар орындалғаннан кейінгі нәтижелерді айнымалыларда сақтайды. Айнымалылардың атауы мен типі болады. Тип айнымалының қабылдайтын мәнін, осы айнымалымен жасалатын әрекетті және оны сақтауға қажет жадты анықтайды. Python-да қолданылып жатқан айнымалының қай типке жататынын type() функциясымен анықтауға болады. Ол үшін төмендегі программа кодын жазу керек.
1-практикалық тапсырма
N секунд уақыт берілген. Берілген секундтарды сағатпен, минут және секундпен өрнектейтін программа құрастыр. N (0<N<86400) – бүтін сан. Тапсырманың программа коды төменде берілген (1-код).
1-код
2-практикалық тапсырма
Құрылысқа әр күні 3 жүк көлігі топырақ тасиды. Жүк көліктерінің сыйымдылығы (тонна) сәйкесінше a = 8.5, b = 8.25, c = 7.25 нақты сандармен өрнектеледі. Егер жүк көліктері бір күнде N рет қатынайтын болса, онда Р күнде құрылысқа барлығы неше тонна топырақ тасылады? Жүк көліктері бір күнде орташа есеппен неше тонна топырақ тасиды? 2-код – тапсырманың программа коды:
N = int(input())
P = int(input())
а = 8.5; b = 8.25; c = 7.25
K = N * P * (a + b + c)
D = N * (a + b + c)/3;
рrint (K, D)