Идентификаторлар (айнымалылар атауы) – әріппен басталатын цифрлар мен әріптер тізбегі. Идентификатор латын әріптерінен, төменгі сызу таңбасы _k1 және 0 мен 9 арасындағы цифрлардан құралады. Мысалы, A, s25, a1b88, tri_plus_dv, zzz. Python-ның әріптер регистрі үлкен және кіші әріптерге ажыратылып берілген. Мысалы, komp1 және KOMP1 – екеуі екі түрлі айнымалыға жатады. Программада қолданылатын айнымалыларды идентификатор деп атайды.
Айнымалы – мәні мен типі бар шама. Программамен жұмыс барысында айнымалылардың мәнін өзгертіп отыруға болады.
Қызметтік сөздер. Кейбір атауларды программалау барысында айнымалы ретінде қолдануға болмайды. Мұндай сөздер қызметтік сөздер деп аталады. Мысалы: for, if, class, def және т.б.
Төмендегі программа кодына назар аударайық:
Бірінші мысалдың программа кодына түсініктеме берейік:
1. a, b және с айнымалыларының мәні сәйкесінше 4, 12 және 10-ға тең.
2. Үш санның қосындысының мәні а айнымалысына меншіктеледі.
Меншіктеу – айнымалыға жаңа мән жүктеу.
3. а айнымалысының мәні экранға шығады.
Амалдар мен өрнектер
x+y
қосу
x-y
азайту
x*y
көбейту
x/y
бөлу
x//y
x-ті y-ке бөлгендегі бүтін бөлігінің мәнін есептейді
x%y
x-ті y-ке бөлгендегі қалдығының мәнін есептейді
Өрнек амалдардың қай ретпен орындалатынын көрсетеді. Өрнек айнымалы мен тұрақты шамалардан, жақшалар мен амалдардан құралады. Мысалы, (а + b + 5) * с.
Санды санға бөлгенде бөліндінің бүтін бөлігі (//) мен қалдығын есептейтін (%) амалдарды қолдануға мысалдар қарастырайық: 25 // 7 = 3; 15 // 20=0; 8 // 8=1. 25 % 7 = 4; 15 % 20=15; 8 % 8=0.
Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазу жолдарын үйренейік.
Сынып бөлмесінің ауданын есептеу
Сынып бөлмесінің ұзындығы (а) және ені (b) берілген. Осы бөлменің периметрі (P) мен ауданын (S) есептейтін сызықтық программа құр.
Есептің алгоритмі: тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын табу үшін математикадан белгілі P = 2(a + b) және S = ab формулаларын қолданамыз.
a = int (input())
b = int (input())
P = 2 * (a + b)
S = a * b
print ('Perimetr = ',P)
print ('Audan =',S)
Енгізу
5
7
Нәтиже
Perimetr = 24
Audan = 35
Цифрларды қосу
Үштаңбалы N саны берілген. Осы санның бірінші және соңғы цифрларының (жүздігі мен бірлігі) қосындысын экранға шығар.
Есептің алгоритмі. Берілген сан үштаңбалы болғандықтан, оның жүздігін N //100 және соңғы цифрын (бірлігін) N % 10 амалдары арқылы табамыз. Кез келген бүтін санның соңғы цифрын табу үшін сол санды 10-ға бөлгендегі қалдығын табу жеткілікті. Осыны ұмытпа!
Мысалы: 348 //100 = 3; 348 % 10 = 8